View settings

Font size:
Site colours
Images

Settings

Обычная версия

 

«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақсу аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының (Бұдан әрі - Кәсіпорын) Байқау кеңесі Кәсіпорын директорының бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарлайды:

 

р/н

Кәсіпорындардың атауы

Мекен  жайы

1

«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақсу аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Заңды мекен жайы:

Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Жансүгір кенті, Жансүгір көшесі № 1 үй. Тел. 8 (72832) 21137, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам 2023 жылдың қыркүйек айының 02 - 18 қоса алған мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу жөніндегі өтінім;

2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;

4) еңбек кітапшасының (егер бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі, қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтан үзінді көшірме не еңбек өтілін растайтын басқа құжат;

5) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21579 болып тіркелді) бекітілген 075/е нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталатын күнге (уақытына) дейін электрондық түрде құжаттарды ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталар алдында бір сағат бұрын кешіктірмей ұсынылады. Оларды ұсынбаған жағдайда ол адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурсқа қатысушы оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби даярлығы туралы қосымша ақпарат бере алады (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныстар және т.б.).

Байқау кеңесі «Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен белгіленген республикалық, облыстық, аудандық және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымдарының басшысы лауазымына қойылатын талаптардың сәйкестігіне ( "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттырудың (қайта даярлаудың) сертификаттық курсынан өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілікті беру туралы куәлік (немесе сертификат); немесе "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау" немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі; немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі; денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты; басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл, медициналық қызметті (дәрігерлік практиканы) жүзеге асыру үшін - кәсіби құзыреттерінің болуы, дәрігердің біліктілігіне (бейіні бойынша) бірінші (жоғары) біліктілік санатына қойылатын жалпы талаптарға сәйкестігі, клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты) және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 26-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы (Соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес белгілі бір лауазымға тұру немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айырылған азаматтар) мен 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген талаптарына (Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адам және Кәмелетке толмағандардың қатысуымен білім беру, тәрбиелеу және дамыту, демалысты ұйымдастыру және сауықтыру, дене шынықтыру және спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласындағы ұйымдарға: адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларының негізінде оларға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда) адамдар) ұсынылған құжаттарды қарайды және 2023 жылдың 19 қыркүйегінде конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылдайды.

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы - әр  түрлі  формадағы  медициналық  көмектің  негізгі  түрлерін  көрсетеді.

Кәсіпорын басшысының негізгі лауазымдық міндеттері - Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін ҚР заңнамасына және Кәсіпорынның жарғысында айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

         Әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен Байқау кеңесі 2023 жылдың 20 қыркүйегінде Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Жансүгір кенті, Жансүгір көшесі № 1 үй мекен жайында әңгімелесу өткізеді.

Әңгімелесу мынадай кезеңдерден тұрады:

1) Кәсіпорынды дамыту таныстырылымы;

2) кандидаттың құзыретін бағалау.

Кәсіпорынды дамыту таныстырылымы кезінде кандидат Кәсіпорынның негізгі мәселелеріне талдауды және оларды шешу үшін ұсынылатын шешімдерді ұсынады.

Құзыреттілікті бағалау кезінде негізгі нормативтік құқықтық актілер, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламалар, денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері және оларды шешу бойынша қабылданатын шаралар туралы білім деңгейі айқындалады.

Кандидат, егер оған Байқау кеңесі құрамынан қатысқандардың көпшілігі дауыс берген жағдайда оң қорытынды алады.

Байқау кеңесінің оң шешім алған кандидатпен Жетісу облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы еңбек шартын жасасады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындау туралы бұйрық шығарады.

Барлық сұрақтар бойынша ШЖҚ «Ақсу аудандық орталық ауруханасы» МКК персоналды басқару бөліміне 8 (72832) 21751, 21137 нөмірлері бойынша хабарласуға болады.

Дереккөз: Жетісу облысы Денсаулық сақтау басқармасының ресми интернет-ресурсы және Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақсу аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ресми интернет-ресурсы.