Регистратура - 8 (72832) 2-04-01 aksu_crb@mail.ru

Қосымша

 «Жетісу облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ ШЖҚ «Ақсу      аудандық      орталық ауруханасы» директорының 28 қазандағы 2025 жылғы № 163-П бұйрығына

«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекеменің ШЖҚ «Ақсу аудандық орталық ауруханасы» МКК-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стандарты

1-бөлім. Жалпы ережелер

1. Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт (бұдан әрі – Стандарт)
«Жетісу облысы денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақсу аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) үшін әзірленген және ол Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы №285 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру жөніндегі Әдістемелік ұсынымдарға, сондай-ақ Кәсіпорындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа сәйкес әзірленген және Кәсіпорын қызметінде, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары салаларда қолданылатын тыйым салулардың, шектеулердің және рұқсаттардың жүйесін білдіреді.
2. Стандарттың мақсаты – сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, құқықтық сауаттылықты арттыру және Кәсіпорын қызметінде сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.
3. Стандарттың міндеттері мыналар болып табылады:
1) Кәсіпорын қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін орындау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлық пен жауапкершілікті арттыру;
2) сыбайлас жемқорлық көріністерін уақтылы анықтау және олардың теріс салдарының алдын алу;
3) Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен ашықтығын арттыру, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары салаларда.
4. Стандарттың қағидаттары мыналар болып табылады:
1) заңдылық;
2) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғаудың басымдығы;

3) ашықтық пен айқындық;
4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жүйелі және кешенді пайдалану;
6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды қорғау және көтермелеу;
8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жазаның бұлтартпастығы.
5. Стандарт Кәсіпорын қызметкерлерінің белгіленген ережелерді қатаң сақтауын және Кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған іс-әрекеттері мен шешімдерін айқындайды.
6. Осы Стандарттағы тыйымдар, шектеулер және рұқсаттар мына жағдайларда қолданылады:
— Кәсіпорынның Жарғылық қызметінде көзделген функцияларды орындау кезінде;
— жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде;
— Кәсіпорын қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде.
7. Стандарттың талаптарын орындау Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті болып табылады.
8. Стандарттың талаптарының сақталуына бақылау жасау Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына жүктеледі.
9. Стандарт талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін әрбір Кәсіпорын қызметкері жеке жауапкершілікке тартылады.
10. Стандарт талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік немесе материалдық жауапкершілік Кәсіпорын басшысының шешімімен белгіленеді.
11. Стандарттың сақталуы (немесе сақталмауы) туралы ақпарат Кәсіпорын қызметкерлерін аттестаттау және олардың қызметінің тиімділігін бағалау кезінде ескеріледі.
2- бөлім. Қызметкерлердің мінез-құлық (әрекет) стандарттары.
Мүдделер қақтығысы
12. Кәсіпорын қызметкерлері өздеріне жүктелген лауазымдық міндеттерін орындау кезінде:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын, Кәсіпорынның Жарғысын және ішкі нормативтік актілерін сақтауға;
2) лауазымдық міндеттерін адал, адал ниетпен және әділ орындауға;
3) еңбек міндеттерін орындау кезінде жеке немесе пайдакүнемдік мүдделерге жол бермеуге;
4) шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға, қызметтік немесе жариялауға жатпайтын өзге де ақпаратты мүліктік немесе өзге де артықшылықтар мен игіліктер алу мақсатында пайдаланбауға;

5) заңмен көзделген тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын құқық бұзушылықтарға жол бермеуге;
6) басқа ұйымдардың, мемлекеттік органдардың және кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласуға жол бермеуге;
7) еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде сыпайылық танытуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды және іскерлік әдепті сақтауға;
8) сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жағдай жасайтын құқық бұзушылықтарға жол бермеуге және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының барлық фактілерін болдырмауға;
9) еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауға байланысты материалдық игіліктерді, сыйлықтарды, ақша түріндегі сыйақыларды, жеңілдіктерді, қызметтер мен өзге де артықшылықтарды қабылдамауға;
10) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға кедергі келтірмеуге;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес мүдделер қақтығысының туындауына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға;
12) сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне итермелеу әрекеттері, дайындалып жатқан немесе белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы дереу Кәсіпорынның комплаенс-офицеріне және (немесе) тікелей басшысына хабарлауға міндетті.

2.1. Кәсіпорындағы мүдделер қақтығысының алдын алу
13. Мүдделер қақтығысының алдын алу қажеттілігі Мүдделер қақтығысы негізсіз шешімдердің қабылдануына, жеке мүдделердің мемлекеттік басқару процесіне тартылуына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыстарының жасалуына әкелуі мүмкін. Осыған байланысты мүдделер қақтығысының алдын алу адалдықты арттыру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда маңызды рөл атқарады.
14. Мүдделер қақтығысының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдарында жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдарға, оларға теңестірілген адамдар мен лауазымды тұлғаларға бірқатар талаптар көзделген. Осыған сәйкес, келесілерге тыйым салынады:
1) мемлекеттік функцияларды орындауға сыйымсыз қызметті жүзеге асыруға;
2) жақын туыстары (ата-аналар (ата-анасы), балалары, асырап алушылар (асырап алушы ата-аналар), асырап алынғандар, туған және тумаған аға-інілері мен әпке-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) құда-жекжаттары тікелей бағыныстылықтағы мемлекеттік лауазымдарды қатар атқаруға;

3) жақын туыстарымен, жұбайымен (зайыбымен) және (немесе) құда- жекжаттарымен бір квазимемлекеттік сектор субъектісінің басқару органында (бақылау кеңесінде, атқарушы органында) қызмет атқаруға;
4) ресми таратуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу мақсатында пайдалануға;
5) жеке немесе ұйымдардан олардың мүддесіне жасалған (немесе жасалмаған) іс-әрекеттер үшін сыйақы, сыйлық немесе қызмет түрінде материалдық игіліктер қабылдауға;
6) Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан шетелдік банктерде шоттар (депозиттер) ашуға және иеленуге, сондай-ақ сол банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауға;
7) өкілдік органның депутаты болуға;
8) педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақылы қызмет түрлерімен айналысуға;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тікелей лауазымдық өкілеттіктеріне кірмейтін жағдайда коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға, соның ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;
10) өзі қызмет ететін немесе оған тікелей бағынысты не бақылаудағы мемлекеттік органда үшінші тұлғалардың істері бойынша өкіл болуға;
11) өзінің қызметтік қызметін материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлікті және қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсаттарда пайдалануға;
12) мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және лауазымдық міндеттерін орындауға кедергі келтіретін іс-әрекеттерге (соның ішінде ереуілдер мен санкцияланбаған митингілерге) қатысуға;
13) лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асырумен байланысты жеке мақсаттарда азаматтар мен заңды тұлғалардың қызметтерін пайдалануға;
14) Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» Заңында айқындалған құмар ойындарға және (немесе) бәстерге, сондай-ақ тиісті емес орындарда немесе интернет желісі арқылы ұйымдастырылған ойындарға қатысуға;
15) мүдделер қақтығысын туғызатын шешімдерді әзірлеуге, талқылауға, қабылдауға немесе сол шешімдерге өзге түрде ықпал етуге;
16) мүдделер қақтығысы болған жағдайда лауазымдық міндеттерін орындауға;
17) өзінің қызметтік жағдайын жеке мүдделері үшін пайдалануға;
18) бұрын атқарған лауазымының артықшылықтарын жеке мүдделерде пайдалануға.
15. Сонымен қатар, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының (мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті немесе оларға теңестірілген тұлғаларға жатпайтын) қызметкерлеріне мүдделер қақтығысының алдын алу мақсатында мынадай ұсынымдар беріледі:
1) жақын туыстардың, жұбайлардың және құда-жекжаттардың бірге қызмет етуіне (жұмыс істеуіне) жол бермеу;

2) ресми таратуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты мүліктік немесе өзге де артықшылықтар алу мақсатында пайдаланбау;
3) сыйлықтар, материалдық сыйақылар немесе қызмет түріндегі сыйларды олардың пайдасына жасалған (немесе жасалмаған) әрекеттер үшін қабылдамау.

3- бөлім. Басқарушылық және өзге шешімдер қабылдау кезіндегі мінез-
құлық стандарттары
16. Кәсіпорын қызметкерлері басқарушылық және өзге де шешімдерді қабылдау кезінде келесі қағидаттарды басшылыққа алуы тиіс:
заңдылық қағидаты – Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасының нормаларын қатаң сақтау;
әділдік пен бейтараптық қағидаты – барлық қызметтік шешімдерді объективті түрде, жеке немесе үшінші тұлғалардың мүддесіне жол бермей қабылдау;
ашықтық қағидаты – шешім қабылдау процесінде ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету;
жауапкершілік қағидаты – қабылданған шешімдердің салдары үшін жеке жауапкершілікті сезіну;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидат – қызметтік өкілеттіктерді жеке пайда алу мақсатында пайдалануға жол бермеу.
17. Басқарушылық шешімдерді қабылдау кезінде қызметкерлер:
шешім қабылдауға әсер етуі мүмкін жеке, мүліктік немесе өзге де мүдделерден бас тартуы тиіс;
шешім қабылдау барысында барлық объективті және дәйекті ақпаратты қарастыруға міндетті;
шешім қабылдауға дейін тәуекелдерді талдап, олардың Кәсіпорын қызметіне ықтимал әсерін бағалауы қажет;
шешім қабылдау процесінде басқа қызметкерлердің немесе үшінші тұлғалардың заңсыз ықпалына жол бермеуі тиіс.
18. Қызметтік шешім қабылдау кезінде қызметкерлердің кез келген жеке мүддесі немесе басқа тұлғалармен өзара байланысы олардың бейтараптығына күмән туғызуы мүмкін болған жағдайда, қызметкер бұл туралы дереу тікелей басшысына және Кәсіпорынның комплаенс-офицеріне хабарлауға тиіс.
19. Қызметкерлер мүдделер қақтығысы орын алған жағдайда немесе ол орын алу қаупі туындағанда:
бұл туралы жазбаша түрде тікелей басшысына хабарлауға;
өздері қатысатын шешім қабылдау процесінен шеттетілуін сұрауға; Кәсіпорынның комплаенс-қызметінің ұсыныстарын орындауға міндетті.
20. Басқарушылық шешімдерді қабылдау кезінде этикалық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету Кәсіпорынның басшысына, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің жетекшілеріне жүктеледі.

4- бөлім. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және этикалық мінез-
құлық қағидаттары

21. Кәсіпорын қызметкерлері өз қызметтік міндеттерін атқару барысында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын қатаң сақтауы тиіс.
22. Қызметкерлерге өз өкілеттіктерін жеке, материалдық немесе өзге де мүдделерін қанағаттандыру мақсатында пайдалануға, сондай-ақ жақын туыстарының, достарының немесе өзге де тұлғалардың мүддесіне шешім қабылдауға жол берілмейді.
23. Қызметкерлерге тікелей немесе делдал арқылы өз қызметтік өкілеттіктерін орындағаны үшін сыйақы, сыйлық, ақша, қызмет көрсету немесе басқа да материалдық игіліктер алуға қатаң тыйым салынады.
24. Қызметтік іс-шаралар немесе ресми кездесулер барысында, егер сыйлық қабылдау этикалық немесе хаттама (протоколдық) сипатта болып, оның құны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекті мөлшерден аспайтын болса, мұндай сыйлық Кәсіпорынның ішкі тәртібіне сәйкес тіркеліп, тиісті актімен рәсімделеді.
25. Қызметкерлер кез келген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы, сондай-ақ басқа қызметкерлердің немесе үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттері жөнінде тікелей басшысына немесе комплаенс-офицерге дереу хабарлауға міндетті.
26. Кәсіпорында мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу
бойынша тұрақты шаралар қабылданады, соның ішінде:
мүдделер қақтығысын болдырмау жөніндегі ішкі саясаттың енгізілуі; комплаенс-қызметтің тұрақты мониторингі;
қызметкерлерге арналған түсіндіру және оқыту іс-шараларының өткізілуі.
27. Қызметкерлер Кәсіпорынның іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін кез келген әрекеттен, оның ішінде жеке және кәсіби өмірінде этикалық нормаларға қайшы мінез-құлықтан бас тартуға міндетті.
28. Қызметтік міндеттерді атқару кезінде әлеуметтік желілерде, бұқаралық ақпарат құралдарында немесе өзге де ашық алаңдарда Кәсіпорынның беделіне теріс әсер етуі мүмкін пікірлер мен мәлімдемелер жасауға жол берілмейді.
29. Кәсіпорында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және адалдық мәдениетін арттыру мақсатында:
қызметкерлердің этикалық нормаларды сақтауына бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізіледі;
анонимді түрде хабарлама жіберуге болатын ішкі сенім арналары
(байланыс құралдары) қолданылады;
комплаенс-қызметі тарапынан тұрақты талдау және ішкі бақылау жүзеге асырылады.
5- бөлім. Іскерлік қатынастардағы мінез-құлық стандарттары
30. Кәсіпорын қызметкерлері өз қызметтік өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, ішкі нормативтік актілерін және Кәсіпорынның ішкі тәртіп қағидаларын қатаң сақтауы тиіс.
31. Қызметкерлер серіктестермен, тапсырыс берушілермен, жеткізушілермен, мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-

қимыл жасауда әдептілік, адалдық және бейтараптық қағидаттарын
басшылыққа алуы қажет.
32. Кәсіпорын атынан іскерлік келіссөздер жүргізу кезінде қызметкер: өзінің өкілеттігі шегінен аспауға;
Кәсіпорынның ресми ұстанымын ұстануға;
Кәсіпорынның беделіне нұқсан келтіретін мәлімдемелерден және уәделерден бас тартуға міндетті.
33. Қызметкерлер коммерциялық немесе қызметтік ақпаратты, сондай-ақ Кәсіпорын қызметіне қатысты өзге де құпия мәліметтерді жария етуге, үшінші тұлғаларға беруге не жеке мүддесінде пайдалануға қатаң тыйым салынады.
34. Кәсіпорынның іскерлік серіктестерімен және контрагенттерімен өзара қарым-қатынас ашықтық, теңдік және өзара тиімділік қағидаттарына негізделеді.
35. Кәсіпорын қызметкерлері өз жұмысы барысында мүдделер қақтығысына жол бермеуі тиіс. Егер мұндай жағдай туындаған болса, ол туралы дереу тікелей басшысына немесе комплаенс-қызметіне хабарлауға міндетті.
36. Қызметтік іссапарлар мен іскерлік кездесулер кезінде Кәсіпорын қызметкерлері:
Кәсіпорынның беделін лайықты деңгейде ұстауға; ресми хаттама талаптарын сақтауға;
іскерлік этика мен мәдениеттің жалпы қабылданған нормаларын ұстануға міндетті.
37. Қызметкерлер тарапынан қоғамдық ресурстарды немесе Кәсіпорын мүлкін жеке мақсатта пайдалану жағдайларына жол берілмейді. Мұндай әрекеттер тәртіптік жауапкершілікке әкеп соғады.
38. Іскерлік хат алмасу мен ресми құжаттарда қызметкерлер Қазақстан Республикасының ресми іскерлік стилін, мемлекеттік және (немесе) ресми тілдің нормаларын сақтауы тиіс.
39. Кәсіпорынның әрбір қызметкері өз іс-әрекеттерінде адалдық, жауапкершілік және кәсіби этика қағидаттарын басшылыққа алып, ұйымның оң имиджін қалыптастыруға және нығайтуға үлес қосуы тиіс.

6- бөлім. Қызметтік қатынастардағы мінез-құлық стандарттары
40. Кәсіпорын қызметкерлері өздерінің қызметтік міндеттерін орындау барысында әріптестерімен, басшыларымен және бағыныстыларымен өзара сыйластық, сенім және ынтымақтастық қағидаттарында қарым-қатынас орнатуға міндетті.
41. Басшылар өз кезегінде бағынысты қызметкерлерге әділ және тең қатынас жасап, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сонымен қатар еңбек жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс.
42. Қызметкерлер арасындағы өзара қатынастарда кемсіту, қорлау, дөрекілік, қорқыту, жыныстық немесе өзге де қысым көрсету әрекеттеріне жол берілмейді. Мұндай фактілер анықталған жағдайда кінәлі тұлғалар

Қазақстан Республикасының заңнамасына және ішкі тәртіптік ережелерге сәйкес жауапкершілікке тартылады.
43. Қызметкер өзінің кәсіби әрекетінде объективтілік пен бейтараптықты сақтауы, жеке көзқарастары мен мүдделерін қызметтік шешімдерге әсер еткізбеуі тиіс.
44. Басшылар бағыныстыларының бастамашылдығын, кәсіби дамуын және жауапкершілігін ынталандыруға, ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға бағытталған шаралар қабылдауы қажет.
45. Қызметкерлер арасындағы еңбек даулары немесе келіспеушіліктер заңмен белгіленген тәртіппен және этикалық нормаларға сай, татуластыру және өзара түсіністік қағидаттарында шешілуі тиіс.
46. Қызметтік міндеттерді орындау кезінде қызметкерлер өздерінің басшыларының заңды нұсқауларын орындауға міндетті, алайда егер нұсқау заңсыз сипатта болса, қызметкер бұл туралы дереу жоғары тұрған басшылыққа немесе комплаенс-қызметіне хабарлауға тиіс.
47. Әрбір қызметкер өз жұмысына қатысты алынған ақпараттың дұрыстығы мен толықтығына, сондай-ақ құжаттаманың уақытылы әрі сапалы орындалуына жеке жауапты.
48. Қызметкерлер арасындағы қызметтік қатынастар өзара құрмет пен кәсіби әдепке негізделіп, Кәсіпорынның бірыңғай командалық рухын қалыптастыруға және нығайтуға бағытталуы тиіс.
7- бөлім. Азаматтармен және қызметтік мүдделер қақтығысы бар тұлғалармен қатынастардағы мінез-құлық стандарттары
49. Кәсіпорын қызметкерлері азаматтармен және өзге де тұлғалармен өзара қарым-қатынаста әдептілік, ашықтық, адалдық, әділдік және сыпайылық қағидаттарын басшылыққа алуға тиіс.
50. Қызметкерлер өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін жеке, топтық немесе өзге де мүдделерді көздеу мақсатында пайдалануға құқығы жоқ.
51. Азаматтармен қарым-қатынаста қызметкер олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін құрметтеуге, сондай-ақ олардың өтініштерін және шағымдарын қарау кезінде заңдылық, бейтараптық және объективтілік қағидаттарын сақтауға міндетті.
52. Қызметкер азаматтармен, ұйымдармен және мемлекеттік органдармен байланыс орнатқанда Кәсіпорынның ресми ұстанымын ғана білдіруі тиіс және жеке пікірін ресми ұстаным ретінде көрсетуге жол берілмейді.
53. Қызметкер қызметтік мүдделер қақтығысына жол бермеу және оны болдырмау мақсатында өзінің жеке, мүліктік немесе өзге де мүдделері Кәсіпорынның мүдделеріне қайшы келетін жағдайлар туындаған кезде бұл туралы дереу тікелей басшысына немесе антикоррупциялық комплаенс- қызметіне хабарлауға тиіс.
54. Қызметтік мүдделер қақтығысы орын алған немесе туындауы ықтимал жағдайда, тиісті шаралар қабылданғанға дейін қызметкер мұндай шешім қабылдау немесе іс-әрекеттерді орындау процесінен шеттетіледі.

55. Қызметкер өзінің немесе үшінші тұлғалардың пайдасына артықшылықтар, жеңілдіктер, материалдық немесе өзге де игіліктер алу мақсатында қызметтік жағдайын пайдалануға тыйым салынады.
56. Азаматтармен қатынаста қызметкерлердің пара алу, сыйлық қабылдау, қызметтік ықпал көрсету немесе ықпал етуге жол беру секілді әрекеттері заңнамада көзделген тәртіппен жемқорлық құқық бұзушылық ретінде қаралады және жауаптылыққа әкеп соғады.
57. Қызметкерлер азаматтардың сенімін сақтау мақсатында жеке пайдакүнемдік әрекеттерден, әдепсіз мінез-құлықтан және кәсіби беделге нұқсан келтіретін іс-әрекеттерден бас тартуға міндетті.
58. Кәсіпорынның қызметкері азаматтардың өтініштері мен сұрақтарына жауап беру кезінде мейірімділік пен шыдамдылық танытып, кәсіби әдептілікті сақтауы тиіс.

8- бөлім. Қоғамдық және өзге де ұйымдармен қатынастардағы мінез-
құлық стандарттары
59. Кәсіпорын қызметкерлері қоғамдық бірлестіктермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, мемлекеттік емес ұйымдармен және өзге де заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасаған кезде заңдылық, ашықтық, бейтараптық және өзара құрмет қағидаттарын басшылыққа алуға тиіс.
60. Мұндай қатынастар кезінде қызметкерлер өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін жеке немесе үшінші тұлғалардың мүддесін көздеу мақсатында пайдалануға жол бермейді.
61. Бұқаралық ақпарат құралдарына (БАҚ) ақпарат беру, баспасөз конференцияларына қатысу және ресми түсіндірмелер беру тек Кәсіпорын басшысының немесе уәкілетті тұлғаның келісімімен жүзеге асырылады.
62. Қызметкерлер БАҚ өкілдеріне Кәсіпорын қызметі туралы тек шынайы және тексерілген мәліметтерді ұсынуға міндетті, жалған немесе расталмаған ақпарат беруге тыйым салынады.
63. Қоғамдық ұйымдармен және өзге де құрылымдармен өзара қатынастар Кәсіпорынның ресми ұстанымына және қолданыстағы заңнама талаптарына қайшы келмеуі тиіс.
64. Қызметкерлер өз қызметінде Кәсіпорын беделін түсіретін, сенімсіздік тудыратын және іскерлік репутациясына нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге жол бермеуге міндетті.
65. Қызметкерлер қоғамдық ұйымдармен және басқа құрылымдармен өзара іс-қимыл барысында коррупциялық тәуекелдер туындауы мүмкін жағдайларды болдырмауға және олардың алдын алуға бағытталған шараларды қабылдауы тиіс.
66. Қызметкерлердің мемлекеттік органдармен, коммерциялық құрылымдармен немесе қоғамдық ұйымдармен ресми келіссөздер жүргізуі кезінде Кәсіпорынның ресми позициясын ғана білдіруіне рұқсат етіледі.
67. Қызметкерлердің қоғамдық және өзге де ұйымдармен қатынасы өз еркімен, ашық және бейтарап сипатта болуы тиіс.

9- бөлім. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін картаға түсіру
(картирование)
50. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін картаға түсіру (бұдан әрі – картирование) – бұл кез келген сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаның маңызды элементі болып табылады. Ол сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау себептерін айқындап, олардың алдын алу және жою жөніндегі шараларды белгілеуге, сондай-ақ бірінші басшының назарын талап ететін өзекті мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді.
51. Картирование сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 35-тармағының 2) тармақшасын орындау шеңберінде орталық және жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерімен жүргізілетін сыбайлас жемқорлық картограммаларын қалыптастыру үшін пайдаланылады.
52. Сыбайлас жемқорлық картограммасы – бұл сыбайлас жемқорлық көріністері туралы ықтимал сигналдарды жүйелендіру және алдын алу шараларын әзірлеу мақсатында жасалатын талдау құжаты. Картограммада:
сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және олардың деңгейі (ранжирленуі);
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырауы ықтимал лауазымдар тізбесі; бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, арыздар, шағымдар
мен өзге де ақпарат көздерінің талдауы қамтылады.
53. Кәсіпорынның сыбайлас жемқорлық картограммасы сыбайлас жемқорлық алғышарттары мен тәуекелдерінің болуын талдау нәтижелері негізінде әзірленеді және Кәсіпорынның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
10- бөлім. Қорытынды ережелер
54. Осы Антикоррупциялық стандарттың ережелері Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті болып табылады.
55. Антикоррупциялық стандарттың талаптарын сақтау үшін Кәсіпорынның бірінші басшысы және құрылымдық бөлімшелердің басшылары жеке жауапкершілік көтереді.
56. Осы Антикоррупциялық стандартпен реттелмеген жағдайларда Кәсіпорын қызметкерлері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, сондай-ақ Кәсіпорынның ішкі құжаттарын басшылыққа алады.
57. Антикоррупциялық стандарт Кәсіпорын басшысының бұйрығымен бекітіледі және оның қол қою сәтінен бастап күшіне енеді.
58. Осы Антикоррупциялық стандартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі туындаған жағдайда, олар қолданыстағы заңнамаға және Кәсіпорынның ішкі тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.